Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ
19-04-2011 11:14
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ

Қош келдің, әз Наурыз!

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

            Ұлыстың ұлы күні – әз, Наурыз мерекесіне орай біздің мектебімізде де кең ауқымды  іс-шаралар өткізілді:

-1-11 сыныптарда мерекеге арналған тақырыптық сынып сағаттары, шығармашылық сайыстар өткізілді;

-Мектеп кіре берісі, дәліздер мен сынып кабинеттер мерекеге сай көркемделіп, І қабатта «Наурыз келсе, құт келгені ағайын» атты көрме ұйымдастырылды;

-21 наурыз күні мектеп алаңында қазақтың екі киіз үйі бой көтеріп, ұлттық нақышта халқымыздың атадан балаға мұра болып келе жатқан бұйымдары, төсеніштері, ат-әбзелдерімен жабдықталды. Ортаға қазақы үстел орналасты.

-22 наурыз күні таң шапағы атысымен киіз үйлер есігі ашылып, қонақ кәдесін жасау дайындығына кірісіп кетті. Ата-аналар ұйымы басшылығында дәстүрге айналған наурыз көже, бауырсақ, талқан, жент секілді тағамдар дайындалды. №3 мөлтек аудан тұрғындары, мектеп оқушылары , ата-аналар және мерекеге арнайы шақырылған қонақтарды ұйымдастырушылар жылы жүзбен күтіп алып, дәм татқызды. Қашанда қонақ десе барын аямайтын халқымыздың осы бір дәстүрі жалғасын тауып, көпшіліктің көңілін тәнтті етті. Наурыздың ас мәзіріне риза болған көпшілік алғыстарын да аяған жоқ.

-«Бұлақ көрсең көзін аш» деп аталатын ескі ғұрыптан басталатын бұл мерекеде«Бір тал кессең, наурыз күні он тал ек!» деген сөздер айтылатын болған. Қазақтар бұл күнді жаңа жыл,ырыс,береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Сондықтан мерекеде көктемнің сәні мен мәнін әкелетін гүл ашқан жеміс ағаштары сахнаның көркін келтіріп тұрды.

-Мереке барысында «Қош келдің, әз Наурыз» атты әуенді  концерт көпшілік қауымға ұсынылды. Концерт «Наурыз келді далама» тақырыбындағы театрланған көрініспен басталып, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты хронологиялық қойылым арқылы өз жалғасын тапты. Мектебіміздің өнерлі жастары ән мен күйге көпшіліктің құлағының құрышын қандырып, мың бұралған билері арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлады.

-Қазақтың ұлттық қолөнері «Ұршық иіру» сайысы кимешек киген әжелеріміз арасында өткізілсе, ұлттық спорттық ойындар көрермендер арасында ұйымдастырылды. №9 бала-бақша тәрбиешілері «Өз өлкеңді білесің бе?» деген тақырыппен викториналық сайыс өткізді. №30 бала-бақша тәрбиешілері «Қазақ биін» тарту етті.

     Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өз деңгейінде өтті. Көпшілік болып , жұмыла бірігіп атқарылған мерекеде жанын аямай, барын салып,  қатысқан ата-аналар ұйымына мектеп әкімшілігі өз ризашылығын білдіріп, мақтау қағаздарымен белсенді ата-аналарды марапаттады.

Мектепұжымын, ата-аналарменмектепшәкірттерінҰлыстыңҰлыкүні- НаурызмейрамыменҚұттықтаймын! ЖарқынөмірдіңбастамасыболыпсаналатыносыкөктеммерекесіСіздергемолқуанышпенбақыталыпкелсін! Наурызәротбасындакелісімнің, сыйластықтың, құрметпенсүйіспеншіліктіңдәнекеріболсын! Наурызотбасыңызғабірлікпенынтымақ, құт-берекеменмол

ырысәкелсін! Көктемніңшуақтымерекесіқарсаңындаәрбіріңізгемықтыденсаулық, амандық, зорқуаныш, молшылық, албіздіңОтанымызғабейбітшілікпенберекетілеймін!

Төлеген Кәкімұлы НӨГЕРБАЕВ,

Мектеп директоры.