Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ -2011» шығармашылық сайысы қорытындыланды
19-04-2011 11:18
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ -2011» шығармашылық сайысы қорытындыланды

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі –жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. «Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Жаңа адамды тек жаңа адам тәрбиелеуі тиіс. Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Мұғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады. Мұғалімдердің кә

сіби шеберлігі мен құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің алғы шарты екенін мақсат еткен ұжымдағы әрбір педагогтің өзіндік жұмыс жүйесі айқындалуы қажет.

 Осыған орай биылғы оқу жылында қазан-наурыз айларында  «Екі жұлдыз» байқауы сынып жетекшілер мен оқушылар қатысуында Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарға арналған тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.  Байқау мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыра отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Сайыс

тың қорытындысы сәуір айының 1-жұлдызында өткізілген педагогикалық кеңесте шығарылып, қатысушы жұптар марапатталды.

Нәтижеде 1-4 сыныптар арасында №1 жұп Сәуле Серікбайқызы Адамбаева және оның шәкірті Мустафина Нұрай, ал 5-10 сыныптар арасында №6 жұп Мейрамгүл Жолдыбайқызы Көпеева мен оның шәкірті Сағынтаева Дана «Екі жұлдыз-2011»сайысының «ГРАН-ПРИ» жүйегерлері атанды. №2 жұп Дидар Жасұланқызы Шаханова мен Ғабдолла Аружан «Ең инабатты жұп» номинациясымен, №3 жұпАжар Ерболатқызы Жакупова Мен Саясат Сая  «Ең талапты жұп» номинациясымен,  №4 жұп Дина Қазбекқызы Арынова мен Әди Таласпаев «Ұлттық дәстүрді ұлықтаушы жұп» номинациясымен, №5 жұп Шәрбәну Серікқызы Арғынбай және оның шәкірті Сейдахметова Диана «Ең үмітті жұп» номинациясымен,  №7 жұп Алмагүл Амангелдіқызы Кенжегалина мен Әлжан Мөлдір, «Ең сымбатты жұп» номинациясымен, №8 жұп Гүлбаршын Саматқызы Сулеева мен Исмагзам Даяна, «Ең өнерлі жұп» номинациясымен, №9 жұп Мейрамгүл Жақсылыққызы Рысбаева  мен Тілектесов Жанат «Ең шығармашыл жұп» номинациясымен, №10 жұп Майра Болатқызы Оспанова  мен Мәулен Мұқатаев «Ең креативті жұп» номинациясымен марапатталды.Мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыра, тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыра отырып, өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ұстаз бен дарынды оқушылар осылайша анықталды. Бұл жоба оқушылар мен ұстаздар арасында өз қолдаушыларын тапқандығы , жоғары қызығушылықтанытқандығы байқалғандықтан келесі оқу жылында да жалғасын табады деген ойдамыз.

Қаламқас Байдуллақызы ШУЛБАЕВА,

Директордың тәрбие бойынша орынбасары.