Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ер Махамбет
19-04-2011 11:30
Ер Махамбет

Ер Махамбет ақ семсерін қолға алған,

Исатаймен әскер жиып, жер шалған,

Тәуелсіздік тілегі үшін тер төгіп

Ат үстінде «Елім-айлап» жар салған.

 

Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеген,

Жәңгір ханның айтқанына көнбеген.

Ел-жұртының басындағы ауыр күн

Намыстанған, ашу бойын кернеген.

 

Жыр, найзасын қатар ұстап қолына,

Асыл ерді шақырды күрес жолына.

Жырымен өткір аяусыз сынап шендіні,

Имеген басты сұлтандарға мойына.

 

Хан-билерге ақын мүлде жақпады,

Қара халық, момын елі жақтады.

Қайтпас қайсар, өршіл рухты ақынды

Әрбір ұрпақ жүрегінде сақтады.

 

Махамбетке арнау

Егеулі найза

Қолына алып, елім деп өткен ақыным.

Ереуіл атқа

Тоқымын салып, босатпаған тақымын.

Еңку де еңку

Жер шалып күнде, мызғымай.

Асыртқан белден

Ақындық үнін, жырының атты жалынын.

 

Исатай бас боп

Өзі де қош деп, тартпаған аттың жалынын

Шақырды елді,

Күреске ерді, көргенде ауыр қалының

Қорғамақ үшін

Намысын елдің, жауынан еш тайсалмай

Азаттық үшін

Жазықсыз ердің қиылғаны-ау жанының.

Әкімбай ГАУҺАР,

7 «в» сынып оқушысы.