Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
19-04-2011 12:12
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?

            Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан,  бұл күнді – Ұлыстың Ұлы күні деп жариялады. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хиби-ғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүр

лі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов(ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі ин-до – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар.

            Шығыс халықтары Наурыз күндері мынадай ырымдар жасаған:

1.Әр жерде от жағып, отқа май құйған.

2.Жаңа өнген дәнге қарап болашақты болжаған.

3.Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.

4.Ескі киімдерді тастаған.

5.Ескірген шыны аяқты тастаған.

6.Бір-біріне гүл сыйлаған.

7.Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.

8.Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.

9.Жамбы ату тәрізді түрлі ойындар өткізген.

10.Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.

            Наурыз күні ертеде грек патшасы алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісіне бір күн орнын берген. Байырға Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.

А.АБДЫХАНОВА,

3 «В» сынып оқушысы.