Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Менің елім
03-05-2011 12:42
Менің елім

Ешбір елден кем болмадың қазағым,

Көрсең-дағы қиямет күндер азабын.

Артқа тастап киын –қыстау кездерді,

Алға бастың құтты болып қадамың.

Егеменді,өркениетті ел болдың,

Басқа елдермен терезесі тең болдың.

Шаңырағыңа бақыт,ырыс,бақ дарып,

Барлық ұлтқа мейірбан ел, құт болдың.

 

Туған жер

Туған жерім,асқар тауым, бұлағым,

Шалқар көлім,жасыл орман ,құрағым.

Сағыныштан жан жүрегім елжіреп,

Көрікті ойдан жыр алқасын құрадым.

Көңіл тербеп,сезім қылын шертеді.

Қандай байлық бір өзіңе жетеді.

Жоғалтса да бар арманын бабалар,

Туған жерін сақтап, аманат етеді.

Талай жылдар жылжып өмір өтеді,

Қанша ұрпақ келіп, кетіп, өшеді.

Туған жерге деген сезім, сағыныш

Ән,жыр болып ғасырларға көшеді.

Туған жердің аспанында самғаймын,

Күндіз-түні бір өзіңді аңсаймын.

Жүрсем-дағы алыс елде, жырақта,

Туған жерді қызғыштайын қорғаймын.

Гаухар ӘКІМБАЙ,

7 «в» сынып оқушысы