Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәуелсіздік жолында
14-12-2011 14:33
Тәуелсіздік жолында

Көз жүгіртсек тарихтың беттеріне

Сайрап жатыр күрес жолы іздерінде.

Қанша ғасыр Тәуелсіздік күнді аңсаған

Жан қайғысы халықтың жүрегінде.

          Күрес басы -Ақтабан шұбырынды,

         Тыныш жатпай жоңғарлар неге ұрынды?

          Әйел-бала, жас демей, кәрі демей,

          Қазақ елін жоқ қылу-бұл қырынды.

Осы тұста үш жүздің басын қосып,

Келер күннен жақсылық, үміт тосып,

Ұлы Абылай елі үшін атқа қонды,

Көргенінде халқының кеткен жосып.

           Батырларын жиып алып ту астына,

           Әңгір таяқ ойнатты жау басына,

           Емін-еркін күн кешкен ел екенін

           Ұғындырды қас түгіл досына да.

Махамбет пен Исатай, Кенесары

Елі үшін еңіреді, күрес салды.

Орыс патша отарлау езгісіне

Қарсы тұрды аянбай  шыбын жаны.

            Ұлы күрес-Азаттық үшін күрес,

             Қан төгілмей бұл күрес өткен емес.

             Ахмет пен Әлихан ағалар да

            «Ұлтым менің» деп мәңгі еткен күрес.

Құрбан болды осы жолда талай боздақ,

Қыл бұғауда еліміз қалай озбақ?

Тіл нашарлап,ұмтылып салт-дәстүрі,

 «Қазақ» аты жойылуға қалды аз-ақ.

            Осы тұста шырқырап жастар үні,

           Желтоқсанды жаңғыртты ашу,мұңы.

           «Ел басшысы, елім!» деп ұран салып,

           Шықты алаңға тізіліп қыстың күні.

Бұл оқиға тарихта қалды мәңгі,

«Тәуелсіздік» еді ғой жастар әні.

Бейбіт шеру бөленіп қан-жосынға,

Қыршынынан үзілді ердің жаны.

              Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсанда,

              Күңіренер дүние, жер де ана.

              Қайрат,Ербол,Ляззаттай боздақтарын

              Еске алып, ел-жұрты қылар дұға.

Солай бізде орнады ата арманы.

Елім күнде гүлденіп, жанды бағы.

Тәуелсіздік көк туын биік ұстап,

Тұғырын нығайтады жас ұрпағы!            

 Гүлсия Саматқызы ӘЛКЕЕВА,

қазақ тілі пәні мұғалімі.