Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
« Язык народа - ... цвет всей его духовной жизни » орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті.
14-12-2011 16:07
« Язык народа - ... цвет всей его духовной жизни »  орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті.

Оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттыру, пән бойынша оқушылардың көркем әдебиет шығармаларын оқуға ынталандыру, пән бойынша білім сапасын арттыру мақсатында 2011 жылдың қараша айының 21- 26 аралығында мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті. Апталықта орыс тілінен ашық сабақтар, «Көңілділер, тапқырлар» клубының ойыны, «Не? Қайда? Қашан?» ойыны,  «Неткен ғажап ертегі!» сурет сайысы, «Мен өз елімді жырлаймын » атты мәнерлеп оқу сайысы шаралары өтті. Апталықта барлық сынып параллельдері өз білімдерін өнерлерін, ортаға салып, жоспарланған шараны босатпауға тырысты. Биылғы оқу жылы апталықтың ашылуы оқушыларды апталық шараларға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған ертеңгілікпен басталды. Онда оқушыларға әр түрлі сұрақтан, жұмбақтар беріліп, дұрыс жауап айтқандарға тәтті сыйлық тартылды. Бұл шара сол күні түсте апталықтың салтанатты линейкаға арнайы шақырылған мейман  Павлодар облысының славян орталығының төрайымы Т.И.Кузинаның қатысуымен ерекшеленді. Оқушылар екі халықтың достығының тарихынан, Достық үйінің жасап жатқан шараларынан мағлұмат алды. Оқушылардың күшімен дайындалған концерттік номерлермен жалғасты. В.А. Иванованың ұйымдастырған шаралармен апталық ашылып, төмендегідей шаралармен жалғасын тапты:

-3 «А» сыныбында «Буындар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім –Казымбетова А.К. сабақта шапшаң оқу технологиясын қолдана отырып, оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру барысында, сөзді буынға бөлу, екпінін анықтау, сөзді жатқа жазу сынды тапсырмалар орындауын ұйымдастырды.

-5-сыныптар арасында  «Көңілділер, тапқырлар» ойынында  сынып командалары  орыс тілінің грамматикасы бойынша, жұмбақ, ребус шешу мен жаңылтпаш айту сында тапсырмалардан сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 5 «В» сыныбы І-орын, 5 «Г» сыныбы ІІ-орын, 5 «А» сыныбы ІІІ-орынға ие болды. Сайысты дайындап өткізген Оразалина К.Р. -6 сыныптар арасында «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өтті. Ойынға әр

сынып параллельдерінен 2 оқушыдан құралған құрама команда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері дайындаған сұрақтарға жауап берді. Логикалық сұрақтар, жұмбақтар, «қара жәшік» сұрағы, ребустардан құралған тапсырмалар оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыра түсті. Ойын ережесі бойынша 6 ұпай жинаған 6-сыныптар құрама командасы: Саунов Т., Қабиден А., Амантаева С., Оспанова Д., Жанатова А., Оксукпаев А., Байғазы М., Жанболатов А. жеңіске жетті. Ойынды өткізген Сергазина С.А.

-6-сыныптар арасында «Достық дастарханы» интеграциялық шара ұйымдастырылды, онда қазақ, орыс және ағылшын халықтарының шай ішу дәстүрлері, оның шығу тарихы, әр елдің салт дәстүріне тоқталып өтілді, мемлекеттік рәміздері, халық өнері, әдебиетінен мысалдар келтірілді. Қазақ халқының шай дәстүрін таныстырған 6 Д сыныбы – І орынды, орыс халқының шай дәстүрін таныстырған 6В сыныбы – ІІ орынды, ағылшын шай дәстүрін таныстырған 6А сыныбы ІІІ – орын алды. Бұл шараға мектеп директоры мен жоғарыда аталған славян орталығының төрайымы Кузина Т.И. қатысты.  Шараның ұйымдастырылу жағынан және залдағы кезекшілік бойынша бірнеше ескертулер болғанмен шара өзінің жаңалығымен, идеясымен ерекшеленді. Шараны ұйымдастырып өткізген Шарипова К.Ж., қосымша мұғалімдер қазақ тілінен дайындаған Оңғарова Г.С.,  ағылшын тілінен дайындаған Оспанова М.С.

-7-сыныптар бойынша «Жас филологтар» интеллектуалды ойын  өткізілді. Қатысушылар  топтың атын, ұранын қорғаудан бастап, топ әні, эмблемасы мен жарнамасы, бой сергіту, фразеологиялық тіркестерді түсіндіру, кроссворд шешу, синонимдер мен антонимдер табумен жалғасып, мақал-мәтелдер әлемінде және соңғысы капитандар сайысымен аяқталды. Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейде екенін залда отырған жанкүйерлердің белсенділігінен көрінді. Жауапты мұғалім Скакова Г.К.

-8-9 сыныптарда «Всемирный поклон тебе, наш Абай!» тақырыбында ауызша журнал өтті. Шара жоғары сынып оқушылардың қазақ және орыс әдебиетіне қызығушылығының жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылар саны жалпы 8-9 сынып оқушыларының 58 % құрады. Журнал орыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің етене байланысын көрсетті, әдеби аудармалар оқылды, Абайдың қара сөздері, әні орындалды. Шараға бұрын сахнада жүргізуші болып көрмеген орыс тілін тереңдетіп оқитын оқушылар тартылған, өздерін көрсетуге жағдай жасалған.  Жауапты мұғалім Оспанова М.Б.

-Мектеп кітапханасында «Воспеваю тебя, мой  Казахстан!» тақырыбында қазақ, орыс және әлем әдебиетінің ақындарының патриоттық өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайысқа 5-10 сынып барлығы 36 оқушы қатысты. Сайыстың төрешілері  оқушылардың өлеңді оқу шеберлігіне, өзін ұстау мәнеріне, өлеңнің тақырыпқа сай болуын бағалады. Осы талаптарға неғұрлым сай деген оқушылар анықталды. Олар: Мамжанова Н.,(7А); Ахметова А.(6Б), Ибраева Н.(6А), Алпысова А.(7А), Мухаметжан (7А), Калыкова А(8А), Кусаинова Ж.(9Г). Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар берілді.

-Апталық барысында  «Неткен ғажап ертегі!» тақырыбына 3-сыныптан бастап сурет сайысы  өтті. Барлығы  28 сурет үлгілері атына оқушылар мен ата-аналар назарына қойылды. Атап өтетін жұмыстар: Отаев И.(3А), Иембергенов А.(4Г), Ибадулина А.(4Б), Турсунбеков Т.(6А). Осы оқушылардың суреттері кітаптармен және мадақтамалармен аталып өтті.

-Апталық салтанатты түрде ең белсенді оқушыларды марапаттаумен аяқталды. Оқушыларға грамота мен мақтау қағаздары, сертификаттармен бірге Павлодар облысы славян орталығының көмегімен кітаптар табыс етілді. Барлығы 40-тан астам кітап оқушылар мен мұғалімдерге және мектеп кітапханасына  40 кітап орыс әдебиетінің әлемге әйгілі шығармаларының түпнұсқасы, анықтамалық сөздіктер мен энциклопедиялар сыйға тартылды.    Апталық шеңберінде өткен ауқымды шараның бірі – облыстық семинар. Семинардың тақырыбы – «Компетентностный подход к организации уроков русского языка и литературы как основа повышения качества образования». Семинар екі бөлімнен тұрды: І-бөлімінде 10Б сыныбында «Сын есім» тақырыбына ашық сабақ көрсетілді. Онда орыс тілі сабағында ақпараттық-компьютерлік технологияны қолданудың тиімділігі басты назарда болды. Семинарға қатысушылар сабақтың әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылғанын, материалдың жан-жақтылығын, тапсырманың оқушылар деңгеіне сәйкестігін атап өтті. Сабақтан кейін Мейрханова А.Ө. өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өзінің және оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, презентацияларын, кесте, кластерлерін көрсетті.

Семинардың екінші бөлімінде орыс тілі мұғалімдері Оразалина К.Р. « Дарынды балалармен жұмыстың жүйелілігі», Оспанова М.Б. «Орыс тілінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру», Скакова Г.К. «Орыс тілі бойынша құзыреттілік негізіндегі тест тапсырмаларының жүйесі»,  Иванова В.А. «Оқу құзыреттілігі – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігінің негізгі түрі» тақырыптарына баяндамалар мен шеберлік сағаттарын көрсетті. Семинарға қатысушылардың ерекше атап өткендері тест жұмыстары мен оқушылардың жүгіртіп оқу технологиясы. Семинар соңында Скакова Г.К. облыстық тест сұрақтарын құрастыру шығармашылық топ жұмысына шақырылды.

Сарубал Әйтімқызы Сергазина, директордың оқу-ісі бойынша орынбасары