Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздік шежіресі.
02-02-2012 07:04

Қала бойынша ұйымдастырылған  «Тәуелсіздік шыңы - 20 жұлдызды күн» атты шараға мектебіміз оқушылары да  қатысып, өз үлесімізді қостық. Сыныпта «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағатын өткіздік. Сынып сағатында интербелсенлі тақтаны пайдаланып «Тарихынды таны» атты бірінші бөлімінде елімізідң 20 жылда жеткен жетістіктерін слаид арқылы көріп, оқушылар тақпақтар оқыды. Екінші бөлімінде сынып сағатына қатысқан қонақтардан «Келешекте Қазақстанымыз қандай болады?», «Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұл-қыздары қандай болады деп ойлайсыз?»деген сұрақтарға жауап алып, пікір алмастық. Осы бөлімде әр оқушының өз қолдарымен жасаған заттардан көрме ұйымдастырып, қонақтарға көрсеттік. Құркүйектен бастап осы мерекеге арнап  жинаған материалдарымызбен таныстырып, әр оқушы өзінің Тәуелсіздікке арналған өлең тақпақтарын әңгімелерін оқып, ребус, сөзжұмбақтар шешіп, өз білімімізді көрсеттік. Сынып сағаты өте мазмұнды, қызықты өтті. Сынып сағатынан алған әсерімізбен бөлістік, қонақтар бізге ақ ниеттерін білдіріп, алғыстарын айтты.         

                                               Қайдар МЕРЕЙ, 2 «г» сынып оқушысы