Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Театрынан қазақтың танып өмір бесігін, Рухани байлықтың аштық біздер есігін...
02-02-2012 10:36
Театрынан қазақтың танып өмір бесігін,  Рухани байлықтың аштық біздер есігін...

Салтанат: -Біз сыныппен желтоқсанның 14-жұлдызында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ  драма театрында болатын қойылымға сынып жетекшіміз Қаламқас Байдуллақызымен бірге бардық. Біз «Оян қазақ»  қойылымын тамашаладық. Елі үшін, жері үшін жанын салып, барын берген ұлы тұлғаларымызбен таныстық.

Гүлзада:- Қойылым өте қызхықты болды.Залдағы адамдар болса дыбыстарын  шығармастан, қызықтап көріп отырды. Көріністегі Міржақып Дулатов бейнесі  өте жаксы сомдалды.

Нұрислам:- Міржақып Дулатовтың сүйікті жары  Ғаникамал жақсы ән сала білетінін білдік.

Меруерт:- Барлық  кейіпкерлер  өз  рөлдерін жақсы сомдады. Сонда да маған  Ғаникамал бейнесі қатты ұнады. Өйткені ол әдемі,мейірімді және қарапайым жан екен. Ол өзінің әнімен келетін адамдарды  жігерлеп тұратын сияқты.

Айжан: - Ахмет Байтұрсынов өз көзімібен көргендей болдық. Оның шебер сөйлеуінен нағыз өз ұлтының жанкүері екендігі байқалды. Тағы ақынның жолдасы өзге ұлт өкілі болса да, қазақша жақсы сөйлейтінін аңғардық

Даяна: - Галачекиннің ел басқарудағы саясатының өте озбыр болғанын байқадық. Ел арасындағы жағымпазданып жүрген кейбір жандайшаптардың мінезін де көрдік. Оған кәдімгідей ренжідік.

Рахат: - Еліміздің маңдай алды азаматтары бостан босқа тұтқындалып, жазықсыздан жазықсыз атылып кеткені менің жаныма қатты батты.

Елнара:- Сондай бір сәтте қатты ашуланған Міржақып қолындағы қаламын ашумен лақтырып жібергенде, ол қалам Жәнияның дәл алдына келіп түсті. Біз оны Қаламқас Байдуллақызына бердік. Қаламды мектеп мұражайына қоямыз шештік.

Дилара: -Маған әсіресе Міржақып Дулатовтың «Ит жоқ болса, шошқа үреді» -деген мақалы ұнады. Себебі ол дәл иесіне арналып айтылған еді.

Алдияр:- Ахмет ағамен сөйлесіп отырғанда, Міржақып Дулатовты ұстап алып кісенге байлады. Кісеннен әкетіп болғанда оны ұрып тастады.

Олжас: - Міржақып Дулатов есін жимай, оның жанына бір адам келді де оған су шашып жіберді.

Ерлан: -Су шашып жіберген соң Міржақып Дулатов есін жинады. Біз алдында отырғандықтан бетімізге су тигенде,  селк ете қалдық. өзімізде сол арпалыстың ішінде жүргендей болдық.

Лаура:-Оян қазақ ,оян, көзіңді аш,ертең кеш болар! –деді ол жан даусымен. Осылайша қойылым аяқталды. Барлығы қол шапалақтады.

Жәния: - Бізге қойылым өте ұнады.  Біз бүгінгі бейбіт өмірдің, тәтті балалық шақтың жайдан жай келмегеніне тағы да бір рет көз жеткіздік.

Іннәл:   - Бір сөзбен айтқанда қойылым мазмұнды болды.Соңында келген қонақтар, көрермендер өздеріне ұнаған кейіпкерлеріне гүл шоқтарын сыйлады. Ал, Айгерім М\іржақып Дулатовтың рөлін ойнаған әртіске қызыл раушан гүлін сыйлады.

Айгерім:  - Мен өзім сынып атынан тарту еткен гүлді табыстап жатқанда, ел қаһарманымен кездескендей болдым.

Театрдан рухани азық аласың деген сөздің мағынасын  біз осы жолы жүрегімізбен түсіндік  деп ойлаймын.

Айбота:- Театрды сүю үшін оған жиі келіп тұру керек екен. Бір қойылымды тамашалай отырып, бір кітапты оқып, еліміздің тарихына көз салғандай болдық. Бәрі аяталған соң әдемі  көңіл-күймен өз үйлерімізге  қайттық.

5 «б» сынып оқушысы.