Сайыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтарына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру. Сайыстың шарттары: сайыс 1 турдан тұрады, оған қатысатын 5-11- сынып оқушылары және әр мектептен 2 номер (фонограмма, музыкалық аспапта сүйемелдеу) . Ән патриоттық тақырыпта болу қажет. Сайыстың әділқазылар мүшелері: «Нұр Отан» партиясы, «Отан» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі, қалалық оқу бөлімі, облыстық білім басқармасы, Қызыл Ай қоғамы.
Сайысқа барлығы 30 жуық мектептерден 60 оқушыдай қатысты.Биылғы жылдың ерекешелігі облыстық №3 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің оқушылары да сайысқа қатысты.Шара барысында әр түрлі патриоттық әндер тыңдалып, әділқазылар алқасы қатысушылардың сыртқы келбеті, вокалдық орындауын, тақырыпқа сай келу талаптарын бағалады.
Сайыс қорытындысы бойынша орындар анықталып, мектептер мақтау қағаздармен марапатталды. Сайыс талапқа сай әрі мазмұнды өтті.