Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тарих және құқық сабағын оқытудағы жаңа инновациялық әдістер бойыеша семинар өтті
09-12-2013 04:24
Тарих және құқық сабағын оқытудағы жаңа инновациялық әдістер бойыеша семинар өтті
Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауылдың Қызылтау деген жерде, қыс түнінде, қыстауда, 1858 жылында, қазақша жыл аты «қой», арабша ай аты «ережеп» деген айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып койылған есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса - дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен», - деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді. 1858 жылы қыста Көпей Сермұхаммедұлы керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861ж. Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас», - деп , ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазыреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 ж. Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835жж.) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады.