Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
АҚ ТІЛЕК
28-03-2010 18:00
АҚ ТІЛЕК

Ұстаздық еткен жалықпас...

Павлодар қаласы №19 орта мектепте менің екі балам бастауыш сыныптарда оқиды. Мектепте ұлым Темірболат 2006 жылы Еркін Төкенқызының сыныбына, кейін екі жылдан соң, екінші ұлым Бекзат Баян БакИқызының сыныбына барды. Міне осынша аз уақыт ішінде мектеп басшысы Баян Ғайсанқызы мен мектеп мұғалімдері жақын туыстай болып кетті. Мектеп ұстаздарымен қай уақытта болмасын әртүрлі мәселелермен сұхбаттасып, бөлісе аламын деп өз атымнан айта кеткім келеді.

Ұстаздық – ұлы іс. Оның нәтижесі әрқашан алдында тұрады. Еңбегінің жемісі шәкіртінің алған білім деңгейінен, адамгершілік қасиетінен байқалады. Ұстаздың өз ерекшелігі де болады. Атап айтқанда, ұстаз барлық балаларға әдептілікті, ойлампаздықты, көрегенділікті, төзімділікті, іскерлікті, адалдықты, шыншылдықты, жинақылықты, тапқырлықты, табандылықты, батылдықты, сыпайылықты, жалпы барлық адамгершілік қасиеттерді үйретеді. Шәкірттерін осындай қасиеттерге баулиды. Өмірдегі ең маңызды қасиет –адамгершілік.

Ата-ана болғандықтан балаларымызға үлкен үміт артамыз. Біріншіден, бүгінгі күннен ертеңгі күннің өзгеше болып жатқан заманында алдымен балаларымыз аянбай еңбек етуі, ісіне мұқият болуы, тәртіпті қатаң сақтауы керек деп есептеймін. Екіншіден, мамандық таңдай білуді құнттау керек, осы сұрақты мектеп түлектері жадында ұстаса дейін.Үшіншіден, сананың құлдықта болмауы үшін жаңа технологияларды озық меңгеруі, оларды болашақта елімізге қажетті маман болуына үлкен үлесін қосады.

Бастауыш сыныптар, оның ішінде 4 «а» сыныбы Мемлекеттік аралық бақылауға дайындық үстінде. Осы үлкен сыннан сүрінбей өтсін деп тілеймін.

Мен барлық ұстаздар қауымын көктем мерекесімен құттықтап, қажымас қайрат, болашаққа сенім, қажырлы еңбек тілеймін. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» - дегендей шәкірттерінен ұстаздық қасиет әрқашан табылғай. Бұл оқу шаңырағы өнер мен білімге құштар дарынды балалар ұясына болсын деген тілек білдіремін.

«Дария басы-бұлақтан» демекші ай сайын шығып келе жатқан «Үкілі үм»т» басылымы оқырмандардың: негізгі оқырмандары ата-аналар, мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қуанышына айналды. Осы басылымның арқасында өлең, әңгіме, ақпарат жазушылардың қатары бірте-бірте көбейіп келеді деп ойлаймын. Осы газеттің арқасында оқушылардың шығармашылық ізденісіне ықпал жасап, жеңіл жазбада жазылған аңыз-ертегілер балалардың қызуғышылығын тудырып отырады. Келешекте «Үкілі үміт» көңіл көзін оятар өрісі кең, өресі биік ауқымды басылым болсын деп тілеймін.

Алтынгүл БАЙҒАБЫЛҚЫЗЫ,

4 «а» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы