Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұлттық мереке
07-04-2010 18:00
Ұлттық мереке

«Наурыз келсе, құт келгені ағайын»

Түркі тілдес халықтардың төл мерекесі - Әз Наурыз мектебімізде «Наурыз келсе, құт келгені ағайын» деген атпен үш күн қатарынан кең ауқымда, мазмұнды түрде, дүбірлеген күйде аталып өтті. Жылдағы дәстүрмен 42 сынып комплектісі 42 ауылға топтастырылып, нақты тапсырмалармен жүйелі түрде бағаланды. Бастауыш буындағы ауылдарға халқымыздың мәдениет пен әдебиет өкілдерінің аттары берілсе, орта және жоғары буынға тарихи тұлғалар мен ел қорғаған батырлар аттары берілді. Ауаның қолайсыз жағдайына қарамай ата-аналарымызда перзент

терімен бірдей атсалысты. Әрбір ауылдан Наурыздың кескін-келбеті көзге айқын тасталып , ұлттық өрнек пен нақыштар көздің жауын алардай кірген кісінің көңіліне қуаныш нұрын сыйлады. Берілген тапсырмалар негізінде әрбір сынып паралелдер бойынша бағаланып, І,ІІ,ІІІ орындар берілді. Әділ қазылар алқасы тарапынан ауылдың безендірілуі, қабырға газеттері ауыл атын қорғау: мазмұндылығы, материал қоры, альбомның жинақталуы, наурыз жырларының айтылуы есепке алынып, үшінші тапсырма-халық әнінің орындалуы 5 балдық жүйемен бағаланды. Төл мерекемізді тойлауда атсалысқан 42 ауылда өз дайындық деңгейінде марапатталады.