Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Байқау
07-04-2010 18:00
Байқау

«Жігіт сұлтаны»

Наурыздың 17 жұлдызында денешынықтыру мұғалімі Қазыналхан Нұрбектің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы ұйымдастырылды. Әр сыныптан атылып шыққан жігіттер азаматтық ажарын танытып, жеті атасын жатқа айтып, неше түрлі өнерлерімен «Сегіз қырлы, бір сырлы» сұлтандар екенін таныта білді. Ұлттық спорт түрлерінен білек күштерін сынап, гір көтеруде бірінен –бірі асып түсті. Осы сайыс барысында оқу

шыларымыз көпшілікке жаңа қырымен таныла білді. Әсіресе аталмыш шараның ұйымдастырушысы денешынықтыру мұғалімі Қазыналхан Нұрбектің тісімен гір көтеруі мен басына қойған кірпішті ауыр балғамен ұрып сындыруы көрермен қауымды таңқалдырды. Ұстаздың бір кездегі Республикалық сайыстың бірнеше рет жеңімпазы болғанын мектеп ұжымы сол күні жақыннан танып, өз көздерімен көріп риза болды. Осы сайыста 8 «б» сынып оқушысы Тоқтаралиев Азамат «Жігіт сұлтаны» атанды.