"Жақсы сөз-жарым ырыс"
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын құру 1989-1991 жылдардағы ұлттық қайта жаңғыру, «демократиялық толқын» кезеңіне дөп келді. Біздің облыста қоғамның бастауыш ұйымдарын құру ісіне жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, жергілікті ақын-жазушылар, журналистер белсене араласты. Бүгінгі күннің межесінен зер салғанда, қоғам құрылған алғашқы жылдары тау қопарарлықтай қарқынмен телегей теңіз іс тындырды. №19 мектепте қонақта болған "Қазақ тілі" қоғамының өкілдері мектептің тыныс тіршілігімен танысып ризашылықтарын білдірді. Тіл мамандарымен өткен дөңгелек стөлде "жақсы сөз- жарым ырыс" демекші жақсы дүниелер айтылды. Қонақтар мектеп мұражайының жұмысымен танысып таңғалыстарын білдірді.