«Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы
2018 жылы 16 наурыз күні №19 жалпы орта білім беру мектебінде 5-сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты көріністер марафоны өтті. Марафон барысында «Мектептегі оқиға», «Ақымақ сатушы», «Сарандықтың соңы», «Жалған дос» тақырыбында оқушылар сахналық көріністерді ұсынды. Шараның негізгі мақсаты: мектеп жасынан бастап балаларды ар-намыс, жауапкершілік, мейірімділік, жанашырлық, адалдық және шынайылыққа тәрбиелеу, үйрету болды.