Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында және «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» аттыұранымен «Асық ату » 2005-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында мектепшілік жарысыөткізілді. Мектепшілік жарысты ашып берген №19ЖОБМ директоры А.Т. Бекбаева рухани жаңғыру бағытындағы спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтіп, оның жас ұрпақ үшін мән-маңызына кеңінен тоқталды. Оқушыларды руханижаңғыруға үлес қосуға шақырған мектептің директоры бүгінгі мектепшілік жарысында бақ сынайтынбалаларға сәттілік тіледі.Тартысты өткен мектепшілік жарысында бас жүлдені 4 «Б» сынып оқушысы Құмар Әлім иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды5 «В» сынып оқушысы Азатов Еламан еншілесе, үшінші орын 7 «В» оқушысы Қолтаев Исламға бұйырды.