Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»
10-04-2018 16:24
 «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

Мектебімізде 2018 жылдың 10 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығының жоспарына сай « Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып, жалпы жұртшылықты толғандырып жүрген осы мәселе жөнінде Павлодар педагогикалық университеттің оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты Гүлназ Төкенқызы оқушылармен ой бөлісті.
Тарихы терең бұл әліпбидің қайдан бастау алатыны, қай елдерде қолданыста бар екендігі, осы әліпбиге көшу жағдайы туралы көп ойлар ортаға салынып, жауабын таппай жүрген сауалдарына жауап алып, үлкен өнегелі отырыс болды.                    Дөңгелек үстел барысында оқушылар латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат алды. Білім беру саласының уақыт алға жылжыған сайын талабы мен талғамы өзгеріп отыруы заңдылық, ендеше сол көштен қалмау – біздің міндетіміз. Болашағымыздың жарқын да жайлы болуы үшін жаңалықтың жаршысы болып, ұрпағымызды қоғамның бір тұлғасы етіп тәрбиелеу – біздердің, ұстаздар қауымының, басты міндеті болмақ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:
Бахытгүл Әділханқызы Тұрсынова
Бигуль Қайзтайқызы Оразбаева