"Менің кәсіби мамандығым" психологиялық тренинг
Мектеп психологы С.Шегір "Менің кәсіби мамандығым" атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. "Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?" - деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.