Шахматтан мини блиц турнир өткізілді
12.09.19 күні мектебімізде денсаулық күніне орай 9-11 сыныптар арасында шахматтан мини блиц турнир өткізілді. Бұл турнирдің мақсаты шахмат ойынын жоғары сынып оқушыларына насихаттау болатын. Блиц турнирде жылдамдық пен алғырттық танытқан келесі оқушылар анықталды: 9г Сагындыкова Амина, 9д Ерсинова Айсана, 10в Серік Алмаз. Ойынға белсене қатысқан оқушыларға көп рахмет.