Ата-аналар жиналысы.
2020 жылғы 17 қазанда № 20 мектеп-лицейде директор Г.Т. Топанованың ата-аналар ұжымымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуде мектеп-лицей директоры ағымдағы шығындарға мектепті ұстауға, мектептің материалдық-техникалық базасын және компьютерлік техниканы жаңартуға, оқытудың жаңартылған мазмұны бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы, жетім балалардың, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ АКА алатын отбасылардың киім-кешегіне арналған шығыстар туралы есеп берді.
Мектеп-лицейді ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы туралы есептерді мектеп-лицейдің ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің алдында тұрақты негізде жүргізу туралы шешім қабылданды.