Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кітапхана Тұңғыш Президент туралы
02-12-2020 10:15
Кітапхана Тұңғыш Президент туралы

      Қазақстанда  Тәуелсіздік алғаннан бері  елімізде  кең  атап өтетін  өзінің ұлттық мерекелері  пайда болды.Олардың ішінде  ерекше мереке-Тұңғыш Президент  күні.Ол басқалардан, ең алдымен, жан-жақтылығымен ерекшеленеді және Тәуелсіз Қазақстанның  құрылуына Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан орасан зор үлесін, халықтың өз Көшбасшысына деген ризашылығының табиғи көрінісін, біздің қазақстандық жолымызды тағы бір рет түсіну мүмкіндігін атап көрсетеді. №20 лицей-мектебінің кітапханасы  9-11 сынып оқушыларына  ҚР Тұңғыш Президент күніне арнап  «Елбасы-ел тірегі»  бейне шолу дайындады. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды  Тұңғыш Президенттің қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ауқымды тарихи рөлі, болашаққа бағытталған саясаты Қазақстанды Орталық Азия аймағында, ТМД-да алдыңғы қатарға шығарған және халықаралық аренада танылған қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету туралы ақпараттандыру. Оқырман назарларына  келесі кітаптар ұсынылды: "Нұрсұлтан Назарбаев.Өмірбаян", "Назарбаев.Қазақстан жолы", "Жаратушы. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас", "Назарбаев сияқты бол! Президенттің балалық шағы туралы балаларға арналған әңгімелер".  Барлық құжаттарға сүйене отырып, бейне шолуда Тұңғыш Президенттің жалпыұлттық көшбасшы, азамат, тұлға ретіндегі жеке басының әр түрлі жақтары ашылды.