"Қазақстан балалары-қысқы сиқыр!" қысқы демалыс кезінде 20 мектеп-лицейінде тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті
"Қазақстан балалары-қысқы сиқыр!" қысқы демалыс кезінде 20 мектеп-лицейінде тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті. Турнир қатысушылары "Play ok" платформасында ойнап, өз шеберліктерін көрсетті. Тоғызқұмалақ ойынының қорытындысы бойынша 9 а сынып оқушысы А. Темірболатова көш бастады. "Мен бала кезімнен тоғызқұмалақпен айналысамын және ойын кез келген басқа зияткерлік ойынмен бәсекелесе алатынына сенімдімін: логикалық ойлау мен тапқырлықты дамытады", - деп тоғызқұмалақтан қалалық, облыстық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы Аяна өз ойымен бөлісті.