Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан 30 үздік шығарма оқиды
19-02-2021 10:14
Қазақстан 30 үздік шығарма оқиды
   Қазақстанда  «Бір ел - бір кітап» Республикалық акция. «Бір ел - бір кітап» ел тұрғындары арасында өте танымал. Кітап оқуды кеңінен насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылықты дамыту мақсатында 2007 жылы Ұлттық академиялық кітапхана мен Қазақстан Республикасының Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен Қазақстан Республикасы  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  «Бір ел - бір кітап» республикалық акция басталды.
    2021 жыл Қазақстанда Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
   Осы акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» деген атаумен поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік шығармасы ұлттық оқуға іріктелді.
   20 лицей-мектебінің кітапханашысы Тебенькова Н.А. таңдалған авторлар мен жалпы оқуға ұсынылған кітаптар туралы әңгімелеп, «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атты бейне шолуды дайындады
  Акция аясында өткізілген іс-шаралар қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып, талқылауға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.