Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Адалдық сағаты»
09-09-2021 21:59
«Адалдық сағаты»
 №20 мектеп-лицейіндегі «Адалдық сағаты» қазақ халқының ауызша халық шығармашылығын жинаушы, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналды.
 Мәшһүр Жүсіптің шығармашылық мұрасы адамның адамгершілік қасиеттерін дәріптейтін көптеген туындыларды қамтиды. Ақын алған білімін халық игілігі үшін қолдана отырып ғана биік мақсаттарға жетуге болады деп сенді.
  Сынып сағатының мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы мысалында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
  Іс-шараның белсенді қатысушылары мен спикерлері 10,11 сынып оқушылары болды. Балалар ақынның шығармаларынан үзінді келтіріп, әртүрлі мамандық иелерінің адалдығы, осы қасиеттің маңыздылығы мен құндылығы туралы әңгімеледі.
 Адалдық ұлттың рухани өзегіне, прогрессивті қоғам өмірінің нормасына айналуға тиіс.