Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Білім бөлімінің басшысы Самал Оспанқызы Айтқазинаның N 20 мектеп-лицейінің ұстаздарымен кездесуі 21 қаңтар күні ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.
22-01-2022 10:00
Білім бөлімінің басшысы Самал Оспанқызы Айтқазинаның N 20 мектеп-лицейінің ұстаздарымен кездесуі 21 қаңтар күні ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.
   Білім бөлімінің басшысы Самал Оспанқызы Айтқазинаның №20 мектеп-лицейінің ұстаздарымен кездесуі 21 қаңтар күні ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті. Мақсат – педагогикалық ұжымның бастамаларына қолдау көрсету, ұстаздардың пікірлері мен ұсыныстарын зерделеу.
   Конструктивті әңгіме аясында қатысушылар №20 лицей-мектебіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін қозғады: білім беруді дамытудың тенденциялары мен басымдықтары, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, жан басына шаққандағы қаражатты тиімді пайдалану, қаржыландыру, оқу-тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру, педагогикалық кадрларды аттестациялаудың жаңа ережелері, коронавирустың таралуы жағдайындағы ревакцинация туралы әңгімеледі.
   Самал Оспанқызы мұғалімдердің тікелей эфирде басшыға сұрақ қоюына, өз ұсыныстарын білдіруіне мүмкіндік алуы үшін мұндай кездесулер тұрақты болуы керектігін айтты.
   Кездесу жұмыс бабындағы достық атмосферада, тек конструктивті түрде өтті.