«Бейбітшілік – тұрақтылық негізі» атты сынып сағат
Бүгін №20 лицей – мектебінің 8-11 сыныптарында «Бейбітшілік – тұрақтылық негізі» тақырыбында сынып сағат өтті. Бұл шара халықаралық бейбітшілік күніне арналды.
Ұстаздар мен оқушылар Бейбітшілік – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі болатынын, әр адам өзінің құқығын толық пайдаланып оқуға, еңбек етуге , рухари адамгершілік тұрғыдан дамуына жағдай жасалатындығына толық мүмкіншілік барлығы жайында өз ойларын ортаға салды. Бұл Халықаралық Бейбітшілік күні – жер бетінде достық пен ынтымақтастықтың қанат жаюына ықпалын тигізері сөзсіз.