Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қамқорлық» акциясы
11-02-2013 06:49
«Қамқорлық» акциясы

 

2013 жылдың 8 ақпанында Жаппай оқу айлығының  «Қамқорлық» акциясының барысында  № 20лицей – мектебінің өнерпаздары «Павлодар қаласының Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы » ММ  концерттік бағдарламаларымен барып өнер көрсетіп қайтты. «Қазақ қонаққа бос бармайды»  дегендей лицей -мектебінің  барлық оқушылары қолы қысқа, жағдайы нашарға қол ұшын беруге , көмектесуге дағдыланған қасиеттерімен өз көмектерін барынша  көрсетті.  Жасаған сыйлықтары мекеменің балаларының жас ерекшеліктеріне  (4-18 жас аралығы) байланысты әртүрлі болды: небір қызықты әдеби кітаптар, түрлі-түсті ертегілер, тәтті-дәмділер, ойыншықтар, кеңсе тауарлары, қыз балаларға деген  әшекейлер.

Шараның қызықты , мазмұнды өткені – балалардың бал-бұл жанған көздерінен байқалды. Лицей оқушылары да жасаған игі істеріне риза болып тарасты.