2013 жылдың 8 ақпанында Жаппай оқу айлығының «Қамқорлық» акциясының барысында № 20лицей – мектебінің өнерпаздары «Павлодар қаласының Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы » ММ концерттік бағдарламаларымен барып өнер көрсетіп қайтты. «Қазақ қонаққа бос бармайды» дегендей лицей -мектебінің барлық оқушылары қолы қысқа, жағдайы нашарға қол ұшын беруге , көмектесуге дағдыланған қасиеттерімен өз көмектерін барынша көрсетті. Жасаған сыйлықтары мекеменің балаларының жас ерекшеліктеріне (4-18 жас аралығы) байланысты әртүрлі болды: небір қызықты әдеби кітаптар, түрлі-түсті ертегілер, тәтті-дәмділер, ойыншықтар, кеңсе тауарлары, қыз балаларға деген әшекейлер. Шараның қызықты , мазмұнды өткені – балалардың бал-бұл жанған көздерінен байқалды. Лицей оқушылары да жасаған игі істеріне риза болып тарасты.