Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Астанаға саяхат
25-02-2013 05:45
Астанаға саяхат

 

№20 лицей – мектебінің 10 – 11 сынып оқушылары 22 ақпан күні олар үшін EXPO - білім 2013, Астана медицина Академиясы және Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастыруымен Астана қаласына сапар шегіп қайтты.

   Оқушылар ЕҰУ – де Гумилев атындағы мұражайда болды, оларға оның өмірі мен қызметі жайлы мағлұмат берілді және түркі тілдерінің мұражайында осы тілдердің дамуы жайлы көптеген білім қайнарымен танысып, тілек тасының жанында тілек ойлады. Саяхат соңында  аталған ЖОО –да білім алуға байланысты оқушылардың көптеген сұрақтары қойылды.

    Келесі аялдама Астана медициналық академиясы болды, мұнда оқушыларға мамандықтар бойынша презентация көрсетілді, сол сияқты студенттер жаттықтырушымен бірге өздерінің дағдыларын қалаптастыратын техникалық лаборатория бойынша саяхат ұйымдастырылды. Біздің лицейліктер де өздерінің біліктерін көрсетіп, муляжда жасанды дем алдыру жолымен жаттығып, танысты.

     Соңғы аялдама барлық басты дүниежүзі ЖОО ұсынылған EXPO - білім 2013 аяқталды.Өкілеттілікке оқушылар өздері сұрақтар қойып, өздерін қызықтыратын ЖОО - мен және студенттермен қарым – қатынаста болды. Ұсынылған ақпараттар бойынша түлектер өздері бұрын таңдаған мамандықтарды өзгертуге немесе тиянақты бекітуге мүмкіндік алды. Оқушылар жоспарланған аялдамалар арсында Астананың көрнекті жерлерімен танысып, естелікке суретке түсті.