Ағымдағы жылдың 28 наурызы күні №35 мектепте «XVАбай Құнанбаев» және «III-Адамдық борышың...» Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқауы болды.Жылда өтетін осы сайысқа біздің лицей түлектері де әр жыл сайын атсалысады. Осы жолы Абай өлеңдерін жан дүниесімен сүйіп тыңдайтын Құрманов Абай /11»к» сынып оқушысы/ және Морозова Дарья /10»г» сынып оқушысы/ Қазақ әдебиетінің ұлы ойшыл,бас ақыны «XV Абай Құнанбаев» қалалық оқуларының «Көңілім әнді ұғады» номинациясынан ән орындау аталымында шебер сахналық мәдениет және тамаша өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. Қазақ халқының әндерін тамаша орындап қана қоймай,өздері де жоғары деңгейде орындай білетін Абай мен Дарьяға келешекте бұлбұлдай сайрап,аққудай жүзіп, өнер сахнасында шеберліктерін шыңдай берулеріне тілектеспіз.