Ата-аналар жиналысы
№20 лицей- мектебінде 15 мамыр күні 9,11 сыныптарға арналған ата- аналар жиналысы болып өтті. Директордың орынбасары Р.Т.Сулейман емтиханнан босату, қорытынды аттестацияға жіберу ережесі туралы ата – аналарға нақты ақпараттар берді. Ата – аналар тағы да ҰБТ кезінде түлектердің өін- өзі ұстау мінез- құлықтары, тестілеу кезінде қолдануға болмайтын заттар туралы Ереже мазмұнын презентация түрінде үйренді. Сынып жетекшілері жыл бойындағы алдын – ала аттестацияның қорытындысы туралы мәлімет берді. 9 және 11 сынып ата- аналары емтихан кезіндегі кезекшілік туралы өз пікірлерін білдірді. Барлық жиналыс барысындағы қарым- қатынас диалог құрылымында және қызметтестік түрінде орнады.