Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім ап саяңда, өткердік сан жылды...
26-05-2013 18:01
 Білім ап саяңда, өткердік сан жылды...

Жыл сайын өткізілетін соңғы қоңырау мерекесі - ерекше есте қалатын мереке.  11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған оқушылар өз алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге  қадам басады. № 20 лицей-мектебінде 25 мамыр күні бұл мерейтой аталып өтті. Бұл күні мектеп 46 түлекпен қоштасты. Балалар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Түлектер бірде қуанып, бірде мектеп өмірінде болған қызықты сәттерді еске алып жылап та жатты. 11 сынып оқушылары шын жүректен өз мұғалімдері мен ата-аналарына алғыс білдірді. Мерекелік шарада қадірлі қонақтаорымыз да болды:  ИнЕУ білім беру академиясының директоры Б.Д. Каирбекова, Л.А. Семенова түлектерге ақ жол тілеп, ыстық тілектерін жолдады.