ИнЕУ-дің профессорлық-ұстаздық құрамымен ғылыми кеңес отырысы
![ИнЕУ-дің профессорлық-ұстаздық құрамымен ғылыми кеңес отырысы](/media/img/blogs/51a5810f54b01.jpg)
27.05.13 күні ИнЕУ-дің профессорлық-ұстаздық құрамымен ғылыми кеңес отырысы өткізілді, оған №20 лицей-мектебінің мұғалімдері де қатысты. Отырыста лицей-мектебінің бейінді оқыту жөніндегі директор орынбасары Р.Т.Сулейман "№20 лицей-мектебі мен ИнЕУ-дің бірлесіп істеген жұмысы және оның болашағы" атты баяндамамен сөз сөйледі. Р.Т.Сулейман өз баяндамасында бірлескен жұмыстың нәтижелері, ЖОО-мен қарым-қатынасының тұрақтылығы мен нәтижелері жөнінде мол мағлұмат берді.