Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық қарттар күнімен!
02-10-2013 10:07
Халықаралық қарттар күнімен!

1 қазан Қазақстанда Қарттар күні мерекеленеді. Үлкендерге құрмет көрсету және оларға қамқор болу - біздің ұлттық қасиетіміз. №20 лицей-мектебінің оқушылары да бұл күні сыртта қалған жоқ, бұл күні олар ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен зейнеткер ұстаздарға ерекше көңіл бөлді. Мысалы, 10 М сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге ҰОС ардагері  Гарусов Николай Афанасиевичтің пәтеріне барып, құттықтады. Николай Афанасьевич лицеистерді құшақ жая қарсы алды. Ардагермен әңгіме барысында оқушылар оның балалық және жастық шағы Беларуссияда өткенін білді. 1944 жылы Николай Афанасьевия жас жауынгер мектебін аяқтап, Жапониямен қатал соғыс болып жатқан Шығыс майданға жіберілді. Николай афанасьевич үшін соғыстың ең ауыр күндері - қан төгіс қырғынға қатысқаны емес, өзі және туыстары фашисттер басып алған территорияда қалған шақтары. туған жері мен жақындары үшін ол қатты қайғырды. Сонда ол отанын қорғауға серт  берді. Гарусов Н.А. қазақстанда комсомолдық жолдамамен жіберілді. Қырық жылдан астам Павлодар кеме жөндеу зауытында жұмыс істеп, жарымен бірге үш қыз тәрбиеледі. Үшеуі де павлодар қаласының мектептерінде мұғалім болып қызмет етеді. Николай Афанасьевич ҰОС ордендері мен медальдерімен марапатталған, сонымен қатар бейбіт кезеңде де марапаттарға ие болған. Оның өмірбаяны лицеистер үшін ерліктің, батылдыұтың, отаншылдықтың жарқын мысалы болып табылады.Лицеистер №20 лицей-мектебінің барлық оқушыларының атынан алғыс білдіріп, ардагерге мықтыденсаулық пен ұзақ өмір тіледі.