Тұлғаның кәсіби өз орнын белгілеуі - оқу бітіруші сынып оқушыларының саналы мамандық таңдау үрдісі. Ол қиын іс. Ол жолды мектеп қабырғасынан бастау керек. №20 лицей-мектебінде тұлғаның кәсіби қалыптасуына үлкен көңіл бөлінеді, мұнда барлық жұмыс оқушының қызығушылықтары мен қабілеттеріне жауап беретін мамандықта саналы таңдауға, оқу үрдісінде тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған. Осы мақсатта 17.01.2014ж лицей-мектебінде дәстүрлі ата-аналар жиналысы болып өтті, мұнда ИнЕУ-ден әріптестеріміз қатысты:білім сапасы мен оқу-әдістемелік бөлімінің проректоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Комардина Л.С., әлеуметтік және жастар саясаты бойынша проректоры, педагогикалық ғылымдар доктары Каирбекова Б.Д., сонымен қатар ЖОО-ның Инженерлік және Педагогикалық академиясының факультеттерінің декандары. ЖОО әкімшілігі түлектерінің ата-аналары біздің аймақтағы еңбек нарығы, сұранысы жоғары және келешегі жоғары мамндықтар заманауи маман мен оның негізгі құзіреттіліктері жайлы мағлқмат беріп, сонымен қатар ата-аналардың туындаған сұрақтарына жауап берді.