Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Конденсатор және оның түрлері» атты шығармашылық сабақ
30-01-2014 07:56
«Конденсатор және оның түрлері» атты шығармашылық сабақ

29.01.14 ж. күні 8 Қ сыныбында физика пәнінен «Конденсатор және оның түрлері» атты шығармашылық сабақ өтті. Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп, кішігірім жобалар даярлады. Әр топ бір конденсатор түрін таңдап, оның шығу тарихынан бастап, бүгінгі күнгі қолданысы, оның өміріміздегі маңызы жайлы ақпаратпен бөлісті. Конденсаторларды көрнекі көрсету үшін әр топ өзінше тырысқан. Бірінші топ Лейден банкасы жайлы таныстырды. Олар Плакат жасап, конденсатор құрылысымен таныстырды. Сонымен қатар презентация көмегімен шығу тарихын мәлімдеді. Ал соныңда өз қолдарымен жасаған Лейден банкасының макетін ұсынды. Қалған топтар да осы түрде жұмыс істеді. Сабақ өте қызықты өтті және оқушылардың барлығы белсенді жұмыс істеді. Сабақ соңында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының неғұрлым артып, шығармашылық белсенділіктерінің артқандығын көрдім.