Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Үш тілдегі КТК
16-06-2016 11:05
Үш тілдегі КТК

Павлодар қаласындағы №20 лицей-мектебі аясында құрылған жазғы бейінді «Балдәурен» лагерінде 2016 жылдың 16 маусымында «Үш тұғырлы тіл – болашаққа еркін самғау» атты сайыс өткізілді. Аталған іс- шараның мақсаты: оқушылардың үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өз ойын түсінікті, ұғымды, бейнелі сөздермен айта алу және алған мәліметті кез келген жағдаятта қоладана алу дағдыларын жетілдіру, қалыптастыру. Сайысқа: «Болашақ», «Алые паруса», «Жас толқын», «Старт» атты топ мүшелері қатысты. Мәдени іс-шара бірнеше кезеңдерден тұрды. Алғашқы кезеңде топ мүшелері үш тілде өздерін таныстырып өтті. Әр кезеңге сай тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді. Сайыстың соңғы кезеңінде үш тұғырлы тіл туралы өз ойларын қазақ, орыс және ағылшын тілінде баяндады. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Сайыс нәтижесінде оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтары артты, оқушылар сөздік қорын молайтуға, ойларын жүйелі түрде жеткізе алуға дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер жасалды.