Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Театр, театр...
24-04-2016 13:03
Театр, театр...

Қазақ өнерге бай. Сол өнердің , мәдени мұралардың асыл көмбесінің бірі -театр. Театр – нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы. Киелі өнердің ордасына бас сұққан №20 мектеп- лицейдің оқушылары Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ драмтеатрында «Тіл табысқандар» қойылымын тамашалады. Қойылымның мақсаты: қазақ жастарын ұлттық тәрбиеге шақыру.Мысалы, тілдің, мәдениеттің,салт-дәстүрдің керектігін оқушылардың санасында қалыптастыру.Осы ұлттық сана сезімдерді қалыптастыра отырып,ұлтжанды жанашыр ғып, заман талабына сай тәрбиелеуді көздейді. Сахнаның шымылдығы көтерілісімен сахнаға көз тіккен бала жақсымен жаманды ажыратып,шындықпен жалғанды айыра бастайды. Бұның бәрі оны болашақ өмірге дайындайды, санасына ой тастайды.Қойылымнан жақсы әсер алған оқушылар театрға бару дәстүрін жалғастырады.