Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Барлығы тоты құстан басталды
23-11-2017 06:41
  Барлығы тоты құстан басталды

    2017 жылдың 21 қарашасында лицей-мектебінің мұғалімдері ұжымымен «Оқушыларды зерттеу сұхбатын құруға қалай үйрету керек » коучинг-сессия өтті.Оны мектеп тренерлерінің ІІ деңгейлі курсын өткен,жоғары санатты тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Е.Т.Марзатаев дайындап өткізді.
      Коучинг ерекше басталды: Ерлан Тоқтағұлұлы бәрімізді мультфильм көруге шақырды.Ұжымдық мультфильм көру барлығымызды балалық шақты еске түсіру атмосферасын құрды. «Мультфильм кейіпкерлері немен шұғылдануда?» сұрағы әр топта қарқынды талданды.
      Бір тапсырма басқа тапсырмамен алмасып жатты: «инфопати», сұрақтарды талдау, тірек кестесі,іс-әрекеттерді бағалау т.б. Коуч жетекшілігімен мұғалімдер өз жұмыс жүйесін жаңа тәсіл арқылы талдап, зерттеу сұхбатын жүргізудің стратегияларын үйренді.
     Бір сөзбен айтқанда, коучинг қызықты, табысты өтті.Рефлексия көрсеткедей, сессияға қатысқандар оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру практикасында зерттеу сұхбатын қолдану дағдысына үйренді.