Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Уақытпен бірге қадам басу.
21-02-2018 15:06
Уақытпен бірге қадам басу.

     20 ақпан күні «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі»ММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қала мұғалімдеріне арнап әдістемелік семинар өткізді. Семинардың тақырыбы «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтары мен сабақтан тыс жұмыста цифрлық білім ресурстарын қолдану» қазіргі таңда өзекті: қоғамның барлық саласын цифрландыру білім саласынан бастау алады.Замануи ақпараттық кеңістікте мұғалімнің міндеті оқушыға тиімді білімденуге көмектесу. Семинардың басында мұғалім Л.И.Фрик «Орыс тілінен түрлі деңгейлік тапсырмаларды электронды форматта қолдану» тақырыбына шеберлік сағатын өткізді. Ал В.А.Макишева «Умная школа», «Арзамас», «Инфографика» интернет-порталдарының цифрлық білім ресурстары жиынтығының тұсакесерін өткізіп, оларды қолдану жөнінде сипаттама берді. Семинар кері байланыспен аяқталды, қатысушылар пікір алмасып, тілектерін жеткізді.