Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мэтрдің кеңесі
02-03-2018 12:26
Мэтрдің  кеңесі

   Студенттер мен оқушылардың «Табысқа жол» аймақтық қызықты тұлғалармен кездесу өткізу аясында №20 лицей-мектебінің оқушылары профессор, заң ғылымдарының докторы, Инновациялық Еуразия университеті Қамқорлық Кеңесінің Төрағасы, «Құқық және тарих» кафедрасының меңгерушісі Амангелді Хамзинмен болған кездесуден қызықты мәлімет алды. Амангелді Шәпиұлы өзінің өмірлік таңдаған мамандығының оңай да жеңіл болмағаны туралы әңгімеледі.
   А.Хамзин Астана, Алматы мен Павлодар облыстарының сот төрағасы болып қызмет атқарды. Ол 120 ғылыми мақалалардың, құқық ғылымдарының актуалды мәселелері бойынша монографиялардың, оқу құралдарының, оқулықтардың авторы.Оның оқулықтарын ҚР Ғылым және білім министрлігі жоғары оқу орындарына ұсынды. Амангелді Шәпиұлы лицейшілердің сұрақтарына жауап бере келе мамандықты таңдауда «жалғыз және өмірлік» ұстанымын ұстау керектігін түсіндірді .