Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Гагарин саябағындағы этноауылға серуендеп қайту
06-06-2018 16:35
Гагарин саябағындағы этноауылға серуендеп қайту

     Бүгін №20 лицей-мектебінің оқушылары Павлодар қаласындағы Гагарин саябағында бой көтерген этноауылға барды. Этноауыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Игі бастама Астананың 20 жылдығына сонымен қатар биыл павлодарлықтар облыстың 80 жылдық мерейтойын атап өтуіне орайластырылған. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталады, сонымен қатаркөшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуға болады. Ал киіз үйлерде кіші дәмханалар, көрмелер, халыққа серуендеуге, балаларын ойнатуға, әртүрлі ойын-сауықтар,ұлттық ойындар «Күміс алу», «Алтыбақан» және т.бойындар бізді ата-бабаларымыздың ежелгі заманына алып келеді.
      Оқушыларға өте қызықты болды, әр ауданның киіз үйлерін аралады. Олар байырғы заманға саяхаттап, көшпенділер бейнесін сезіп, қазақ халғының бай тарихы, мәдениеті, дәстүрлері жайлы білімдерін толықтырды. Бұл саяхат оқушыларға, яғни кейінгі ұрпаққа жақсы бір өнеге болды.
Енді бұл жер тұрғындардың сүйікті демалыс орны ғана емес, қаланың көрікті жерлерінің қатарына енді.