Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абайды үш тілде оқимыз» фестивалі
28-09-2018 17:22
    «Абайды үш тілде оқимыз»  фестивалі

   Павлодар қаласының № 20 лицей-мектеп қабырғасында қыркүйектің жиырма сегізінші жұлдызында «Абайды үш тілде оқимыз» атты сайыс бастау алды. Бұл көркем сөз оқу және өлең шығару шеберлігін қатар игерген жасөспірімдер байқауы.
    Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер-Абай өлеңін жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін жандардың сайысқа қатысуы. Сайыстың мақсаты-қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығы арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген рухани бірлігін нығайту.Осындай түрлі іс-шаралар білім алушылардың тапқырлығын,өлеңге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Үштұғырлы тіл саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту, бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Ұлы ақын еңбектерінің уақыт өткен сайын өзектілігі артып, қоғамдық, рухани әрі мәдени өмірдегі бағыты айқындала түсуде.
    Бүгінгі күні еліміздің елдігін ұлы Абайдың асыл сөздерінсіз елестету мүмкін емес. Фестиваль ең бірінші рет біздің мектептен жол алып отыр. Бұл сайыста оқушылар қазақ, орыс, қытай, әзербайжан, түрік, араб, жапон, кәріс, украин тілдерінде өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа 15 оқушы қатысып, 3 жүлделі орын анықталды.
   Әділқазылар мүшесінде « НҰР –АНА әлемі» қоғамдық бірлестік мүшесі, үш тіл маманы Астерхан Шойымбайқызы Сарсенбаева, филология ғылымының докторы Иманбаева Ғайша Ертайқызы, №20 лицей-мектебінің директоры Топанова Гульнар Тұяққызы өздерінің қатал бағаларын берді.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындарға келесі оқушылар ие болды:
    10 Б сынып оқушысы Камила Абышева- 1 орын, 11 А сынып оқушысы
Лидия Саенко-2 орын, 9 А сынып оқушысы Аружан Махметова -3 орын!
Құттықтаймыз! Алдағы сайыстарда сәттілік!