СӨСНО мамандарымен өткен кездесу
«Асқынған ішек инфекциясын алдын алу» айлығының өткізілуіне байланысты оқушылар арасында тамақтан улану мен асқынған ішек инфекциясын алдын алу мақсатында № 20 лицей-мектебінде СӨСНО дәрігері Г.Б.Сақановамен кездесу өтті. Кездесу барысында 8-11 сынып оқушыларына жеке гигиена ережелері ,инфекцияны жұқтыру жолдары түсіндірілді, улану кезінде не істеу керектігі туралы кеңес берілді.
Кездесу соңында лицейшілер ішек инфекциясын алдын алу туралы жадынама құрастырды.