Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
5 күндік қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері
14-05-2019 16:36
5 күндік қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері

       2019 жылдың 13 мамыры күні қала мектептерінің 10 сынып ұлдары қорғаныс спорттық лагеріне жол алды.   Бұл шараның мақсаты: әскери бөлімге келіп, әскери бөлімнің күнделікті тіршілігімен таныса отырып, сарбаздардың тұрмыс жағдайымен, қызметтері туралы мағлұмат алу.  Аталмыш шараға № 20 лицей-мектебінен 8 оқушы аттанды.  Оқушыларды шығарып салу рәсімі мәдени орталықтың алдында сапқа тұрғызумен, тілек айтумен жалғасты. Әр мектептен ұлдарды сапарға шығарып салуға сыныптастары келді. Қорғаныс сауықтыру спорттық лагерінде оқушылар арасында әскери эстафетадан сайыстар, бөлімдегі техника және қару-жарақтардың мінездемелерімен танысу, әскери бөлімнің кез келген уақытта қарсыластан қорғана алатындарына көз жеткізеді. Оқушылар әскери өмірмен танысады Сондай-ақ, бірқатар әскери жаттығуларға қатысып,  сынға түседі. Өзін спорттық іс-шараларда жақсы жағынан көрсеткендер марапатқа ие болады. Мұның барлығы әскери бөлімге келген оқушылардың Отан қорғауға деген қызығушылығын арттыруына бағытталған.

  Оқушыларға сәттілік тілейміз!