Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
УЧИТЕЛЬСКОЕ НОВАТОРСТВО В ПРОФЕССИОНАЛИЗМЕ
31-05-2019 21:05
УЧИТЕЛЬСКОЕ НОВАТОРСТВО В ПРОФЕССИОНАЛИЗМЕ

      Жыл сайынғы «Жаңашыл-мұғалім - 2019» сырттай республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің информатика пәні мұғалімі Аубакирова Гульзия Мухийденовна, математика пәні мұғалімі Болатова Назгуль  Ораловна  финалға шықты. Олар «Жаңашыл-мұғалім» құрметті атағына ие болып, «Bilim Media Group» компаниясының алғыс хатымен марапатталды.

       Мұғалімдер өз жұмыстарындакәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың шығармашылық тәсілін көрсете алды. Байқаудың бірінші кезеңіне  оқушылардың зерттеу қызметіне негізгі рөлі бөлініп, қатысушылар «Ақпаратты шифрлеу», «Арифметикалық прогресс» жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтардың әзірлемелерін ұсынды. Сабақ барысында оқушылар заманауи білім көздерімен, соның ішінде сандық білімдермен белсенді жұмыс істейді. Республикалық байқау мұғалімдердің өздері шығарған «қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі туралы» видеофрагменттерімен аяқталды.

         Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1600 астам жұмыс ұсынылды. Жеңімпаздарды «Bilim Media Group» компаниясының тәуелсіз сараптау комиссиясы анықтады. Үздік сабақтар «Bilimland» республикалық білім беру порталында орналастырылады.