Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Информатика білгіштері
11-06-2019 23:00
Информатика білгіштері

       № 20 лицей-мектебінде "Мен, сен және информатика" тақырыбында викторина өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: информатикаға деген тұрақты қызығушылықты, шығармашылық белсенділікті, ұжымшылдықты, алгоритмді койлауды, логиканы, оқушылардың танымдық белсенділігін, шыдамдылықты, жеңіске деген ерік-жігерді, тапқырлықты дамыту.  Ойынға екі команда қатысты: "Программистер" және "Матрица".

      Жарыстың барлық кезеңдерінде оқушылар белсенділікпен тапқырлықтарын көрсете отырып, пән бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Лицеистердің ерекше қызығушылығын бағдарламалау бойынша тапсырмалар тудырды, оларға "көп ойлануға "тура келді. Қиын күресте "Матрица" командасы қарсыласын екі ұпайға басып озды. Викторина соңында ең ақылды және тапқыр балаларға грамоталар берілді.