Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Өзін өзі басқару күні
07-10-2019 20:44
Өзін өзі басқару күні

     Ұстаздар күні мерекесіне арнап 5 қазан күні № 20 лицей-мектебінде көп жылдар бойы дәстүрлі болып келе жатқан өзін-өзі басқару өтті. Мектеп бітіруші сыныптарға ерекше миссия жүктелді: бұл күні жоғары сынып оқушылары мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, сондай-ақ техникалық қызметкерлер рөліне енді.

     Балалар лицейдегі оқу үрдісін жүргізе отырып ерекше қызығушылықпен, жауапкершілікпен өз рөлдерін ойнап шықты. Тек қана сабақтар өткізілмей, сонымен қатар оқушылардың сыртқы келбетін, оқулықтардың, дәптерлер мен күнделіктердің болуын тексеру бойынша рейдтер жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары бұл күні сабаққа қатысу және тамақтану мәселелерін тексеріп отырды.
     «Өзін-өзі басқару күні арқасында біз ұстаздың еңбегі қаншалықты маңызды, әрі жауапты екенін, оқу үрдісін бақылауға ұстаудың қиындығын түсіндік», - деп мектеп директоры болу мәртебесіне ие болған 11А сынып оқушысы Гайсин Ислам өз ойымен бөлісті.