Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай күні
18-02-2020 15:48
Абай күні

     Бүгін «Ertys tany»  телеарнасының тікелей эфирінің қонақтары «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі» ММ оқушылары болды. Кеше лицейде өткен «Абайды үш тілде оқимыз» акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі Абай туралы әңгіме өрбіді. Лицей оқушылары  Абайдың өлеңдерін әлемнің түрлі тілдерінде: қазақ, орыс, ағылшын, португал, украин, араб, неміс, корей, татар тілдерінде  мәнерлеп оқыды.

      «Мен үшін Абай туған жердің дана кеңесшісі және патриотының үлгісі болып табылады", - деп өз пікірімен 10 Б сынып оқушысы Сана Уразалимова бөлісті.

      "Ұлы Абайдың шығармалары қазақ әдебиеті сабақтарында мені таң қалдырды". "Менің ұстазым М. С. Шоманова ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты әрі таңғажайып әңгімелеп берді, мен татар тілінде өлеңдер мен Қара сөздерді жатқа білдім", - деді 11 А сынып оқушысы Ғайсин Ислам.

     Кездесу Абай шығармаларынан рухани құндылықтар мен даналықты талап етуге үндеумен аяқталды.